13 маусым 2024 16:00

"Купеде қалай жалғыз отыруға болады": Желіде лайфхак талқыланып жатыр

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Соңғы аптада әлеуметтік желілерде пойызбен саяхаттауды ұнататындар үшін әдеттен тыс лайфхак қызу талқыланып жатыр: пайдаланушылар жалғыз жүру үшін купедегі барлық орынды сатып алу және пойыз жөнелтілгенге дейін артық билеттерді қайтару әдісін көрсеткен. Алайда, бұл әдіс шынымен жұмыс істей ме? Tengritravel.kz тілшісі осыны анықтауды жөн көріп, пікір алу үшін "Жолаушылар тасымалына" жүгінді. Толығырақ - материалда.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған сурет

Біздің сауалымызға "Жолаушылар тасымалы" өкілі қазіргі билетті қайтару ережелеріне сәйкес, жолаушы пайдаланбаған жол жүру билеттерін қайтарып, қайтару уақытына қарай ақшасын ала алатынын түсіндірді:

Реклама
Реклама
  • пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей – толық жол ақысы қайтарылады;
  • 24 сағаттан аз, бірақ пойыздың жөнелтілуіне дейін 6 сағаттан кешіктірмей – билет құны және плацкарт құнының 50 пайызы қайтарылады;
  • жөнелтуге дейін 6 сағаттан кем емес және пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағаттан аспайтын уақытта - плацкарттың барлық құны ұстап қалынып билет құны қайтарылады, бірақ жол жүру сомасының 30 пайызынан аспайтындай;
  • пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағат өткеннен кейін билеттің ақшасы қайтарылмайды.

Алайда компания өкілі бұл лайфхак жолаушының купеде жалғыз болатынына кепілдік бермейтінін баса айтты. Билеттерді қайтару жүйесі билеттерді қайтарған кезде бос орындар бірден басқа жолаушыларға қолжетімді болатындай етіп жасалған, олар билетті кезек арқылы сатып ала алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Реклама
Реклама