Қазнетте қазақстандық қыздың ұшаққа отырғызу кезіндегі видеосы талқыланып жатыр

Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған

Әлеуметтік желіде қолданушылар қазақстандық қыздың саяхатшыларға өзекті сұрақ қойған видеосына назар аударды: ұшаққа отырғызуды қалай күткен дұрыс - орындықта отырып па, кезекте тұрып па? Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде қолданушылар қазақстандық қыздың саяхатшыларға өзекті сұрақ қойған видеосына назар аударды: ұшаққа отырғызуды қалай күткен дұрыс - орындықта отырып па, кезекте тұрып па? Толығырақ - Tengritravel.kz материалында.

29 жастағы Назира Исмаил өзінің TikTok-парақшасында ұшаққа отырғызу кезегін күту туралы ойын жазды:

"Мына кезекте тұратын адамдарды шынымен түсінбеймін. Не үшін? Қандай айырмашылығы бар? Ол ұшаққа бәрібір отырамыз, ол тастап ұшып кетпейді. Мен ешкімді сөкпеймін, өйткені мен де бұрын солай жасайтынмын. Әсіресе алғаш рет ұшаққа отырған кездері. Бірақ, сірә, бұл көпшілік үшін бірінші рет ұшуы емес болар. Ендеше, неге? - деп таңғалды ол.

Реклама
Реклама

Видеоға жүзден аса қолданушы пікір қалдырған, қолданушылардың ұстанымдары екіге бөлініп, олар белсенді түрде талқылауға кіріскен. Кейбіреулер ұшаққа отырғызуды қалай күтуді әркім өзі таңдайды деп ойлады, басқалары қыздың ұстанымымен келіседі.

"Орын жетпей қалуы мүмкін екенін білмейтін сияқтысыз", "Бұл адамдар сізге кедергі келтіріп тұр ма? Тұрғысы келсе, тұрады", "Қол жүгі үлкен болса, кезекте тұрамын, жоқ болса соңына дейін күтіп отырамын, "Ол ұшып кетеді, мен 10 минутқа кешігіп қалғанмын, ұшақ ұшып кетті", - деп жазды қолданушылар жазбаның астына.

Назира Исмаил тілшімен қысқаша сұхбатында видеоның астаналық әуежайда бірнеше ай бұрын түсірілгенін айтты. Алайда ол видеоны қазір ғана жариялауды ұйғарған.

"Дәл осы жағдайда адамдар ұшақ қонбас бұрын кезекке тұрды. Менде қол жүгіне орын болмаған жағдай болған емес, бірақ мен әрқашан кезек күтпес үшін және кезекте жағаласып, адамдардың сөзін естімес үшін соңынан отырамын. Көбінесе стюардессалар өте жағымды және бәріне көмектеседі", - дейді қыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная