Қазақстаннан ұшатын ең танымал он рейс аталды

Фото:depositphotos.com

Қазіргі уақытта Қазақстаннан 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады. Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта Қазақстаннан 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады. Азаматтық авиация комитеті біздің елден ең көп рейс жасалатын 10 бағытты атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Қазақстаннан аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша 32 елге тұрақты халықаралық рейстер орындалады (қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар орындайды –авт.еск.). Оның ішінде ең көп рейс жасалатын 10 бағыт: Түркия, Ресей, БАӘ, Грузия, Египет, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Үндістан және Германия", – делінген ведомствоның редакцияның ресми сұрауына берген жауабында.

Осылайша, Қазақстаннан ең көп рейстер Түркияға, одан кейін Ресейге, одан әрі Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшады.

Реклама
Реклама

"Бүгінде Қазақстанның әлемнің 32 елімен тікелей әуе қатынасы бар – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Қатар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Греция", - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама