Әлеуметтік желілерде жаңа тренд пайда болды. Жолаушылар арасында арасы бөлінген шағын бокстар танымал бола бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жолаушылар оған кәмпиттер мен печенье, чипстер немесе тіскебасарларды салып рейске алып кіреді. Бокс саяхатшылар үшін бортта шағын тағамдар ассортиментін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қолданушылардың бірі TikTok-та жуырдағы рейсте түсірілген видеосын жариялады және оның видеосы 27,5 миллионнан аса қаралым жинаған.
"Менің өмірім өзгерді! Тіпті стюардессалар да дәм татқысы келді. Өзіңізге жақсылық жасап, келесі рейске бокс ала барыңыз", - дейді видео авторы.
Видео авторына көптеген желі қолданушылары идея үшін алғыс айтқан.
"Моншақтар екен деп қалдым", "Иә, бірақ балалар мен қарттар үшін әр ұяшығы жеке ашылатындай етіп жасау керек, төгіп алмас үшін", "Мен мұны 16 сағаттық рейістің оныншы минутында тауысып қоямын", "Мен өзімді ұстай алмай бірден тауысып қояр еді", - деп жазды қолданушылар.
Бұл бокс, әсіресе, тамаққа көп мән беретін, мысалы диета ұстайтын адамдар үшін қолайлы. Олар ұшу кезінде өзіне керекті тамақтарды әкеле алады. Әрі әр адам талғамына қарай әртүрлі тіскебасарды ала алады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!