Эверест шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева OY-DETOX бағдарламасына қонақ болды. Ол әлем бойынша осы уақытқа дейін Эверест шыңын бағындырған 800-ші, ал Қазақстаннан алғашқы әйел болып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Анар Бурашева Эверестке көтерілу қанша тұратынын айтты.
"Бізде бюджеттік түрі болды. Біздің көтерілуіміз 40 мың доллар болған. Бұл - жабдықтарсыз, билеттерсіз (баға - еск.). Бұл - базалық лагерь. Осының қасында (тағы бір - еск.) лагерь болды, бізде 40 мың доллар, оларда 80 мың доллар болды. Мысалы, біздің палаткаларда жарық болған жоқ. Асүйге барып, телефондарымызды қуаттап жүрдік. Оларда әрбір палаткада жарық, тоқ болған. Тамақ жағынан да оларда жақсырақ болған шығар. Біздің қасымызды (тағы бір - еск.) лагерь болды. Оларда бағалары 90 мың долларға дейін болды. Америкалық лагерьлер болды, ол жақта 100 мың доллардан көп. Ең маңызды ерекшелігі оттегі баллондарында. Біздің экспедициямызда алты оттегі баллоны болды, біз екеуін сатып алдық. Випке барсаң, сенде көбірек баллон болуы мүмкін", - деді ол.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!