Ақтаулық Ұлпагүл Мұқанова зейнеркелікке шыққаннан кейін немере бағып, белсенділік шектеледі деген таптаурындарды жоққа шығарған. Оның мысалында зейнеткерлік жас өмірден ләззат алып, саяхаттау уақыты екенін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ақтау тұрғыны, зейнеткер Ұлпагүл Мұқанова көпшілікке үлгі. Ересек жасына қарамастан, ол белсенді саяхаттағанды және әлемді танып-білгенді ұнатады. Оның қызы, стюардесса Фатима анасы туралы толығырақ айтып берді. Ұлпагүл бұған дейін Грузия, Түркия, БАӘ, Оңтүстік Корея сынды көптеген елдерде болған.
"Анам 61 жаста. Ол зейнеткер. Ол жиі сапарға шығып тұрады, әпкелеріммен оны сапарға алып шығуға тырысамыз. Анам Грузияда, Стамбулда және Кореяда болды. Жас кезінде анам көп саяхаттаған, студент кезінде Венгрияда болған, әкесі екеуі Дубайға да барған.
Менің анам - белсенді демалысты, көп жүруді және жаңа орындар мен қалаларды зерттеуді ұнататын адам. Жасына қарамастан, ол солай істеп жүр. Күн сайын 10-15 мың қадам жүреді. Оның сүйікті бағыты – Грузия. Ол осы елдің табиғатына таңғалды. Анам Ыстамбұл базарларына барғанды ұнатады, жас кезінде өзінің түркиялық киімдер бутигі болған, сондықтан Түркияда сауда жасау оған өте қызықты", – деді қызы Ұлпағұл.
Фатима ұсынған суреттер
Фатима олардың отбасы үшін саяхаттау жай демалыс емес, нағыз құмарлық екенін баса айтты. Ұлпагүл жаңа жерлерді зерттеп, әлемнің сұлулығын тамашалауды тоқтатпайды.
Фатима ұсынған суреттер
Ұлпагүл егде жастағы саяхатшыларға өз ұсыныстарын айтты:
- таза ауада жиі серуендеу;
- егер ұшақта ұйықтап, демалуға мүмкіндік болса, онда жақсылап демалып алу;
- өте ыңғайлы аяқ киім кию;
- әрқашан жылы киім алып жүру;
- дәрумендерді қалдырмай ішу;
- ұйқы және тамақтану кестесін ұстану;
- суды көп ішу, әсіресе белсенді демалыс кезінде;
- күйзеліске берілмей, осы сәттен ләззат алу.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!