Түркия 2024 жылы қазақстандықтар үшін ең танымал демалыс еліне айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Туристік Қамқор" корпоративтік қорының мәліметінше, 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін Қазақстаннан шетелге 1 002 802 турист кеткен. Салыстыратын болсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 794 194 адам болған. Айта кету керек, бұл сандар тек турфирмалар арқылы пакет турларын таңдаған туристерді қамтиды.
Сонымен қатар, өз бетімен саяхаттап, ұшуларды, қонақүйлерді және экскурсияларды туристік операторлардың көмегінсіз брондайтын қазақстандықтардың саны да айтарлықтай. Мұндай саяхаттаушылардың нақты саны белгісіз, бірақ сарапшылар олардың үлесі де артып келе жатқанын болжап отыр.
Көш бастап тұрған туристік бағыттар
Ең танымал демалыс елдерінің рейтингінде бірінші орынды дәстүрлі түрде Түркия алды. Қазақстандықтарды Түркия өзінің көрікті жағажайлары, жоғары деңгейдегі сервисі және бай мәдениетімен қызықтырады. Одан кейінгі орындарда Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Таиланд, Қытай, Грузия, Мальдив аралдары, Қатар және Шри-Ланка орналасқан. Бұл елдер түрлі демалыс түрлерін ұсынады: жағажай, экскурсиялық, белсенді және сауықтыру туризмі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!