"Зебра" тортына ұқсайды. Атақты "Қыз-Жібек" фильмін түсірген жолақты таулар

Жолбарыс жолақты таулар Алматыдан 300 шақырым жерде, Сарыөзек-Көктал тас жолының бойында, Жаркентке жақын орналасқан. Мұнда жолбарыстар тіршілік етпейді, әрине. Ақ бауыр тауларды алтын және қызыл түстес құм жауып жатыр. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы ғажайып жер туралы баяндайды.

Атақты "Қыз-Жібек" фильмінде басты кейіпкер қыз жоңғарды жеңіп келе жатқан жауынгерлерді хабарлап, "Жеңіс!" деген айқаймен төмен жүгіріп түсетін сахнасы есіңізде ме?! Сол кадрлар осы таудың етегінде түсірілген. Экранға 1969 жылы шыққан көркемсуреттің негізгі локациясы осы таулар болатын.

Бүгінгі таңда бұл жерлер тек кинорежиссерларды ғана қызықтырмайды. Мұнда болған саяхатшылар жергілікті ландшафттарды қиял-ғажайып деп атайды. Алуан түстер мен керемет көріністер ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Журналист және трэвел-блогер Елена Никитенко жол талғамайтын көлікті сынау үшін Жолбарыс жолақты тауларға барып, сапардан алған әсерімен бөлісті.

"Алматы маңындағы Жолбарыс жолақты таулар карантин кезінде басқа жерлер сияқты бір замат бәрін қызықтыратын болды. Бұл өте әдемі таулы жер. Бұл жерлер көлікпен саяхаттауды ұнататындарға таптырмас орын. Бұл таулардың ерекшелігі - жолақтарында. Таудың басына шығып, төмен қарасаңыз, керемет. Бұл жерді Марсқа теңеуге болады", - дейді ол.

Желіде жолақты таулары бар фотосуреттер өте көп, бірақ олардың бәрі Алтын-Емел таулары деп аталады. Бойжеткен Жолбарыс жолақты таулардың Ұлттық саябақпен шектесіп қана қоймай, онымен тікелей байланысы бар екенін түсіндіреді.


Фото © Эрик Туркебаев

"Алтын-Емел тауларын Қатутау деп атайды. Жолбарыс жолақты таулар олардың етегінде. Қатутауға бару үшін көп уақыт қажет, ұлттық саябақ арқылы жүру керек, ал Жолбарыс таулары Көктал-Сарыөзек жолының дәл жанында орналасқан" - дейді Елена.

Саяхатшы Ерік Түркебаев та суретке түсу үшін Жолбарыс жолақты тауларға барған.

Жолақтары әртүрлі түстерден - сары, ақ, қызыл. Олар маған "Зебра" тортына ұқсайтындай көрінді. Олар алуан түрлі. Біз шатқалдың түбіне дейін бардық, олай әркім жасай бермейді. Қалғандары тек жоғарыдан қарап, тамашалайды, ал біз ішіне кірдік, ол жерден тіпті тамаша көрініс ашылады!" - дейді Ерік.


Фото © Эрик Туркебаев 

Жас жігіттің айтуынша, бұл жерге келуіне тауға байланысты ежелгі аңыз түрткі болыпты, ежелде бұл таудың орнында мұхит болып, жанартаулар атқылап жатқан екен.

"Ертеде бұл жерде мұхит болған - бұл дерек ақылға сыймайды. Көп адамдар бұған мән бермейді, бірақ мені бұл тарих ерекше қызықтырады", - дейді ол.


Фото © Эрик Туркебаев 

Алматылық Адэль Жолдасова да таулардын алған әсерімен бөлісті.

"Бұл керемет жер. Бір жағынан Алтын Емелге де ұқсайды, бірақ Жолбарыс жолақты таулардың көрінісі сұлу, ерекше. Таудың түсі жолбарыстың терісіне ұқсайды, бейне бір суретшінің қолымен салынғандай. Оларды өз көзіңізбен міндетті түрде көру керек! Ол жерде ерекше күн батуын тамашалауға болады - барлығы алтын түске малынып, ерекше күйге бөлейді", - дейді Адэль.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dr.lz_

Алматылық тағы бір турист Ольга Александрова Жолбарыс жолақты таулары туралы жақында ғана білген. Фотосуреттерді қарап, осы жер туралы ақпаратты зерттегеннен кейін, бұл сұлулықты өз көзімен көру үшін баруға асыққан.

"Жолбарыс жолақты таулардан алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын! Бұл деген нағыз табиғаттың кереметі, адам сенгісіз. Табиғи сұлулыққа тәнті болдым, олар мені алуан түсімен таңғалдырды. Жоғарыға көтерілу жағымды, әрі оңай болды. Алдымнан керемет көрініс ашылып, басқа ғаламшарға келгендей әсер алдым. Мен бұл жерге міндетті түрде ораламын!" - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? ♉ ???????????? (????????) (@fafollife)

Жанель Сергалиева Панфилов ауданында тұрады, жақын жерде мұндай орын бар екенін сіңлісі сыныппен бірге экскурсияға барғанда ғана білді. Содан кейін ол жер жайлы толығырақ іздеп, Жаркенттен алыс емес жерде екенін білді. Ол Жолбарыс жолақты тауларға таксимен жеткен.

"Таңғажайып локация. Жоғарыдан қарағанда, басқа ғаламшардың жері сияқты әсер береді. Ол жақта болу өте қызықты!" - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Zhanelya? (@zhanelya.1506)

Жолбарыс жолақты таулар қайда орналасқан және қалай пайда болған

Жолбарыс жолақты таулардың географиялық атауы - Долантау. Олар теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте Іле өзені мен Алтын-Емел жотасы арасындағы Жоңғар Алатауының бөктерінде Қазақстанның Алматы облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасында орналасқан.

Тау тізбегі осы жерде бір кездері өте белсенді болған, бірақ қазір тынышталған екі жанартаудың лавасының әсерінен пайда болған. Тау оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай 16 километрге дейін созылып жатыр. Атауын алуан түсіне байланысты алған. Тау жыныстары жұмсақтау, су мен желдің әсерінен осындай пішіндер пайда болды.

Тау жыныстарының нақты жасы белгісіз. Олардың жасы 60-70 миллион жыл деп есептеледі, бірақ мұнымен келіспейтін және тауларды әлдеқайда жас деп бағалайтын ғалымдар да бар.

Маңында тағы қандай жерлер бар

Долантау тауларының айналасы бай жануарлар әлемімен ерекшеленеді. Мұнда көптеген аңдар мен құстарды кездестіруге болады, тек жәндіктердің бес мыңға жуық түрі бар.

Бұл аймақта өсімдіктер де өте көп - бөріқарақат, сортаң цистанхе және сексеуіл бар.

Жолбарыс тауларына барған алматылық Ирина Сұлтанова туристерге тағы да ары қарай жүріп, Киелі Агаш аталатын жерге баруға кеңес береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ирина Султанова (@irina.sultanova8)

Қалай жетуге болады?

Жолбарыс жолақты тауларға барудың ең оңай жолы - кәсіби гидтің көмегіне жүгіну және алматылық туркомпаниялардың қызметін пайдалану. Экскурсия бағасы 10 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, өз көлігіңізбен дербес саяхат жасай аласыз және тауларға жете аласыз. Алматыдан жол шамамен 300 шақырым болады. Алдымен Жаркентке қарай "бетон жолмен" 280 шақырымдай жүруіңіз керек. 285-ші шақырымында Көктал ауылының маңында айналма жол болады. Мұнда сіз Сарыөзекке қарай солға бұрылып, тағы 15 шақырым жүресіз.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.