Ыстамбұлдан шыққан автобус апатқа ұшырады: 6 адам қаза тапты

Сурет turkiyegazetesi.com.tr сайтынан

Түркияның солтүстігіндегі Кастамону провинциясында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Соның салдарынан алты адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Turkiye тілшісіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның солтүстігіндегі Кастамону провинциясында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Соның салдарынан алты адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Turkiye тілшісіне сілтеме жасап.

Автобус Ыстамбұлдан шығып, Қара теңіз жағалауындағы Синоп қаласына бара жатқан. Басылым мәліметінше, Кастамону - Ташкепрю тасжолында мұзтайғақ пен қардың салдарынан жүргізуші көлікті басқаруды игере алмаған. Содан жолаушылар көлігі жолдан шығып кетіп, бір жанына ауып кеткен.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапқан. Сондай-ақ тағы 33 адам зардап шеккен, оның үшеуі ауыр халде жатыр. Зардап шеккенде ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар провинция губернаторы Мефтун Даллы TRT Haber эфирінде берген сұхбатында жол апатына жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Жергілікті полиция мәліметінше, ол аймақтағы жолда қар болмаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная