Визасыз режим аясында Қазақстан мен Қытай арасында көбірек рейс ашылады

Сурет ААК баспасөз қызметінен

Қытай әуекомпаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай әуекомпаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтып жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетімен Қазақстан Республикасы Президентінің елдің транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ қолданыстағы халықаралық бағыттарда рейстер санын арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп келеді

Ведомство мәліметінше, Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тлегенов Қазақстан Республикасына тұрақты бірнеше қытайлық әуекомпанияларының өкілдерімен кездесті.

Реклама
Реклама

"China Southern Airlines"

2024 жылы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы - Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр.

"Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын", - делінген ААК хабарламасында.

"Loong Airlines"

Биыл желтоқсан айында Алматы - Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

"Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ әуекомпания 2024 жылы Астана - Ханчжоу, Астана - Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтап жатыр", - дейді әуе саласының мамандары.

"Air China"

Астана - Сиань - Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр.

"Бұл ретте әуекомпания Сиань қаласына қонбай, екі астана арасында аптасына үшінші рейсті тікелей орындау мәселесін де қарастыратын болады", - дейді ААК өкілдері.

Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз навигация кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная