Видеограф Петропавл қалай "суға батып бара жатқанын" көрсетті

Оралдық видеограф Петропавлдағы су тасқыны жағдайын дронмен түсіріп көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әлішер Ғұмаров Instagram-парақшасында оқырман назарын аударған видео жариялады. Ол Петропавлдағы су тасқынының жағдайын көрсеткен. Оның айтуынша, видео бір күн бұрын, 14 сәуірде түсірілген.

Реклама
Реклама

Видео тез танылып, қазірдің өзінде видео астына көптеген пікір жиналған.

"Сұмдық. Болашақта билікке сабақ болар. Қорытынды жасасын", "Су тезірек тартылып кетісн", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!