Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында Үстірт қорығында фотоқақпанға түсіп қалған алдыңғы Азия алабарысын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында алдыңғы Азия алабарысы байқалды. Жыртқыш фотоқақпанға түсіп қалған. Болжам бойынша ол қорық аумағына көршілес Түрікменстаннан келгенн", - деп жазды Мырзағалиев.
В Казахстане этот редкий гость, общая численность популяции которого насчитывает 870-1,3 тыс. особей, встречается только в этом заповеднике. Поэтому важно сохранять заповедник в надлежащем состоянии, соблюдать природоохранные меры на этой и других уникальных территориях страны. pic.twitter.com/aTg6kZcGP3
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) November 23, 2020
Сондай-ақ, министр алабарыстың бұл түрі сирек кездесетінін айтады.
"Қазақстанда бұл жануардың жалпы саны 870-1,3 мың, ол осы қорықта ғана кездеседі. Сондықтан қорықты тиісті жағдайда сақтау, еліміздің осы және басқа да бірегей аумақтарында табиғатты қорғау шараларын сақтау маңызды", - деді министр.
Мырзағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта мамандар алдыңғы Азия алабарысын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу бойынша биологиялық негіздеме дайындап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!