Үстірт қорығында алдыңғы Азия алабарысы фотоқақпанға түсіп қалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында Үстірт қорығында фотоқақпанға түсіп қалған алдыңғы Азия алабарысын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында алдыңғы  Азия алабарысы байқалды. Жыртқыш фотоқақпанға түсіп қалған. Болжам бойынша ол қорық аумағына көршілес Түрікменстаннан келгенн", - деп жазды Мырзағалиев.

Сондай-ақ, министр алабарыстың бұл түрі сирек кездесетінін айтады.

"Қазақстанда бұл жануардың жалпы саны 870-1,3 мың, ол осы қорықта ғана кездеседі. Сондықтан қорықты тиісті жағдайда сақтау, еліміздің осы және басқа да бірегей аумақтарында табиғатты қорғау шараларын сақтау маңызды", - деді министр.

Мырзағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта мамандар алдыңғы Азия алабарысын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу бойынша биологиялық негіздеме дайындап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!