Ұшқыш Қазақстан табиғатын ерекше тұсынан көрсетті

Фото Алмас Байғожин

Алмас Байғожин "Эйр Астана" әуекомпаниясында ұшқыш болып жұмыс істейді. Ол үнемі Airbus 320 кабинасынан видео түсіріп, оларды Tik Tok желісенде жариялайды. Оның парақшасында Қазақстанның шексіз даласының, көлдері мен қалаларының ерекше сұлулығы мен көріністерін тамашалауға болады. Ерекше видеолар туралы Kaz.tengritravel.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алмас Байғожин "Эйр Астана" әуекомпаниясында ұшқыш болып жұмыс істейді. Ол үнемі Airbus 320 кабинасынан видео түсіріп, оларды Tik Tok желісенде жариялайды. Оның парақшасында Қазақстанның шексіз даласының, көлдері мен қалаларының ерекше сұлулығы мен көріністерін тамашалауға болады. Ерекше видеолар туралы Kaz.tengritravel.kz материалында.

Алмас Байғожин Петропавл қаласында дүниеге келген. 2018 жылы "Эйр Астанада" жұмыс істей бастады. Ол Испанияда оқып жүрген кезінде шетелдік әріптестеріне қарап, әлеуметтік желілерде аккаунт ашу идеясы келген.

"Маған шетелдік әуекомпаниялардың ұшқыштары ұшуды қалай түсіретіні ұнады", - дейді ол.

Реклама
Реклама
@pilot.al

##aviation ##cockpit ##sky ##pilot

♬ Absolutely Anything (feat. Or3o) - CG5

Алмастың TikTok-тегі аккаунтына 11 мың адам жазылған, ал оның видеолары 156 мыңнан аса лайк жинады. Видеоларында Қазақстанның түрлі қаласына қонып жатқан сәтін ұшқыш кабинасында отырып түсіреді. Мысалы, Ақтауға қону видеосының қаралымы 274 мыңға жетті.

@pilot.al

Актау ##aviation ##landing ##авиация

♬ Beggin' - Måneskin

"Маған біздің елді әуеден түсіріп көрсету керек деген ой келді, өйткені бізде шексіз даладан бастап орман қалаларына дейін, жазық жерден тауларға дейін  - бәрі бар", - дейді ұшқыш.

@pilot.al

Говорят здесь когда-то были реки и озёра. ##aviation ##cockpitview ##pilotview

♬ Runaway - AURORA

Сондай-ақ, Алмас Балқашты да түсірген. Видеодағы көрініске сүйсінген балқаштықтар толассыз пікір жазды: "Бұл менің туған қалам", "Видео үшін рақмет", "Төбеден одан да әдемі болып көрінеді екен", "Мальдив сияқты, тек пальма жоқ". Ролик 284 мың қаралым жинады.

@pilot.al

Казахстан, красивая страна. ##aviation ##авиация ##cockpit ##pilot ##пилот

♬ оригинальный звук - Саёра Ни

Алмастың айтуынша, адамдар өздерінің үйреншікті жерінің басқаша көріп жатыр. Сұлулығын басқаша сезініп жатыр. Сондықтан оның аккаунты танымал бола бастаған.

"Адамдарға өз еліне басқаша қырдан қарау және оны бақылау ұнайтын болу керек", - дейді ол.

Тағы бір көп қаралған видео Шымкенттен Алматыға дейінгі жолды 30 секунд ішінде көрсетеді. Мұнда Алматының түнгі жарығы әдемі әсер қалдырады.

@pilot.al

Шымкент Алматы за тридцать секунд ##aviation ##takeoff ##landing ##авиация ##самолет

♬ Way down We Go (Stripped) - KALEO

Ұшқыштың топтамасында Қазақстанның Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Орал қалаларына қонғанын көрсететін видеолар бар. Алмас әлеуметтік желідегі парақшасында жұмыстың қыр-сыры мен қиындықтары: кабинадағы ұшқыштар не туралы айтады, ұшақтар аспанда қалай қиылысады, жаңбырлы ауа райында ұшу туралы, ұшқыштың түнгі кабинасының шамдары туралы әңгімелейді.

Ал сізге қай видео қатты ұнады?

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная