Үшаралда жаңа әуежай терминалы салынады: екі нұсқа қарастырылып жатыр

usharal-airport.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Үшарал қаласындағы жаңа әуежай терминалының құрылысы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрі Марат Қарабаев Үшарал қаласындағы жаңа әуежай терминалының құрылысы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Министрдің Жетісу облысы тұрғындарымен кездесуінде айтқан мәліметіне сәйкес, құрылыстың екі нұсқасы қарастырылып жатыр: біріншісі – қазіргі әуежайдың жанынан шағын терминал салып, ғимараттарды ұшып келу және ұшып кету аймақтарына бөлу; екіншісі – үлкен аумақты қамтитын жаңа терминал салу.

"Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган талдау жүргізіп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр", – делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ушарал әуежайы Алакөл көлінің маңында орналасқан, жазғы маусымда ол Қазақстан қалаларынан туристер тасымалдайтын әуе рейстерін қабылдайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная