Үшарал және Үржар әуежайының жөндеуден кейін ашылу мерзімі аталды

Алакөл Фото ©Shutterstock

Үшарал әуежайы 20 шілдеде, ал Үржар тамыздың басында іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үшарал әуежайы 20 шілдеде, ал Үржар тамыздың басында іске қосылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Үржар және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын жөндеу жұмыстары ұзаққа созылды. ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев Үшарал және Үржар әуежайларында құрылыс-монтаждау жұмыстарын дереу аяқтауды тапсырды.

Нысандар туристік маусымның басында іске қосылады деп жоспарланған болатын, бірақ мердігер ұйымдар тарапынан жұмыстардың уақытылы орындалмауына байланысты қосу мерзімі ауыстырылды.

Реклама
Реклама

Ұшу-қону жолақтары мен рульдеу жолдарын, перронды қайта жаңарту, жарық-сигналдық жабдық, периметрлік қоршау орнату және басқа да жұмыстар орындалады. Бұл қауіпсіздік пен сапа стандарттарының деңгейін арттыруы керек. Жұмысты Жетісу және Абай облыстарының әкімдіктері жүргізеді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жөндеу жұмыстарының жаңа кестесін ескере отырып, Үшарал әуежайын қайта жөндеу жұмыстарын аяқтау 20 шілдеге, Үржар әуежайы тамыздың басына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Үшарал және Үржар әуежайларына субсидияланатын рейстерді ұйымдастыру бойынша рәсімдік шараларды ИИДМ алдын ала жүргізгені хабарланды. Қажетті қаржы бөлінген, сондай-ақ рейстерді орындайтын әуекомпаниялар анықталды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная