"Ұшақтың түтіндеуі?": Астана-Дубай бағытындағы рейс ұшып кете алмаған

Фото: depositphotos.com / Pachuli82

Қазақстандық жолаушы Астанадан Дубайға ұшатын рейс бір тәулікке кешіккеніне шағымданды. Бұл ретте жолаушыларға тіпті су да берілмеген. Жолаушының шағымына елордалық әуежайдың ресми өкілі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жолаушы Астанадан Дубайға ұшатын рейс бір тәулікке кешіккеніне шағымданды. Бұл ретте жолаушыларға тіпті су да берілмеген. Жолаушының шағымына елордалық әуежайдың ресми өкілі жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Астана тұрғыны редакцияға хабарласып, бүгін көптен күткен сапарына – Дубайға ұшуға тиіс екенін атап өтті. Алайда жоспары іске аспаған.

"Бүгін FlyDubai Дубайға ұшпай қалды. Қандай да бір ақау шыққанын, түтіндегенін айтты. Адамдар тамақ ішпеді, тіпті су да берілмеді. Енді ертең ұшамыз деп уәде етілді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Бойжеткен үйіне оралып, тағы бір күн күтуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ ол редакцияға видео жіберді. Онда рейстің кейінге шегерілгенін естіген жолаушылар ашуға бой алдырып, эмоцияларын жасыра алмағанын көруге болады.

Редакция тілшісі түсініктеме алу үшін Астана әуежайының ресми өкіліне жүгінді. 19 ақпанда FlyDubai әуекомпаниясының FZ1304 рейсі елорданың әуеайлағынан таңғы сағат 05:05-те ұшуы керек екені расталды. Бірақ ұшуды кейінге қалдыруға тура келген көрінеді.

"Әуекеменің кеш келуіне байланысты рейс сағат 05:50-ге дейін кешіктірілді. Кейін Астана-Дубай бағытындағы FZ1304 рейсі техникалық себептерге байланысты ұшпады. Әуежайдың кешенді ауысымының бастығы жоғарыда аталған әуекомпанияның өкілімен бірлесіп жолаушыларды "Думан" қонақүйіне орналастырды. Оларға қонақүйде әуекомпания есебінен күніне үш рет тамақ берілді", - деп атап өтті Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.

Енді Астана-Дубай бағытындағы рейс 2024 жылғы 20 ақпанға ауыстырылды, таңғы сағат 08:00-де ұшады деп жоспарланған.

Алайда, редакцияға жүгінген астаналық басқа қаладан келген жолаушылар ғана тамақпен қамытлғанын айтты. Ал қалған жолаушы әуежай терминалында қалып, рейсті күткен. Оның айтуынша, оларға тамақ та, су да берілмеген.

"Екі шай мен екі круассан алып, 8400 теңге төледім. Әуекомпания тарапынан ештеңе берілмеді", - деп шағымданды ол.

Редакцияның тілшісі әуекомпанияның байланыс орталығына да хабарласты.

"Рейс таңғы сағат 08:00-ге белгіленді. Бізге рейс операциялық себептерге байланысты кейінге шегерілгені хабарланды. Бірақ нақты себебі айтылмады", - деп жауап берді әуекомпанияның байланыс орталығындағылар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная