Ұшаққа отырғызу басталмаса да жолаушылар неліктен кезекке тұрады?

Ұшаққа отырғызу кезінде бірінші болу үшін кезекте тұру - бұл ақымақтық немесе "кезек синдромы" емес, оның өз логикалық шешімі бар. Бұл туралы журналист әрі жиһанкез Саманта Смит TikTok-блогында айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қыздың айтуынша, барлығы тапшылыққа байланысты, алайда отыратын орын үшін емес (себебі орындар алдын ала белгіленіп қояды), қол жүгін салуға арналған орындар үшін. Жұртшылық бүгінде қол жүгімен ғана ұшуды сәнге айналдырды, өйткені багажға жіберу қымбат, ал төбеңізге заттарыңызды қою мәселесі туристер үшін маңызды.

"Бұл жерде ұшаққа бірінші болып отыру маңызды емес. Багаж мәселесі, оның жоғалуы жиілеп кетуіне байланысты елдер қол жүгімен ұшуды әдетке айналдырды. Ал ол үшін орын барлығына жете бермейді", - дейді автор.

Видео 300 мыңнан аса қаралым жинаған. Пікір жазған туристер оның сөзін растады: иә, барлығы кезекке сол үшін тұрады. Ал егер оған үлгермей жатса, көңіл күйі түсетіні анық: олар қол жүгіне арналған орындар бос болмайтынын айтып шағымданады, ал ұшаққа соңғы болып кірсеңіз сөмкеңізді тіпті аяғыңыз жанына қоясыз немесе белгісіз бір жерге қойылады.

"Кезекте соңғы болып тұрғанда, менің сөмкемді басқа жаққа салатынын ойласам, денем түршігеді", - дейді пікір қалдырушылардың бірі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!