Ұшақ ішінде төбелескен ер адамдардың видеосы Желіде жылдам таралып кетті

Таиланд астанасы Бангкоктан Үндістанның Калькутта қаласына бет алған ұшақтың жолаушылары төбелесіп, бұл әрекеттері видеоға түсіп қалған. Ролик Желіде жылдам таралып, оған тіпті Times Now басылымы назар аударыпты.

Видео кадрларынан екі адамның бір-бірімен дауласып жатқанын байқауға болады, ал қастарында тұрған бортсерік оларды сабырға келтіруге тырысқан. Басында ер адамдар итерісіп қана тұрған одан кейін бір ер адам екіншісіне жұдырық ала жүгірді, төбелеске өзге жолаушылар да араласып кетті.

Реклама
Реклама

Бірнеше секундтан кейін бортсеріктер оларды ажыратып, орындарына отырғыза алды. Әзірге жанжал себебі белгісіз, алайда жаға жыртысқан ер адамдар үндістандықтар екені анықталды. Бұл қылықтарын олардың отандастары сынға алыпты. "Бұл адамдарды әуе компанияларының қара тізіміне кіргізу керек", - деп жазыпты комментаторлардың бірі.

#AirRage

Video of a fight between pax that broke out on @ThaiSmileAirway flight

Reportedly on a Bangkok-India flight of Dec 27 pic.twitter.com/qyGJdaWXxC

— Saurabh Sinha (@27saurabhsinha) December 28, 2022