АҚШ-та ұшақ жолаушысы Southwest Airlines әуекомпаниясының рейсі кезінде бортсерікке жұдырығымен шабуыл жасап, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл туралы U.S. News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға 13 қарашада Далластан Нью-Йоркке шыққан ұшақтың қонуы кезінде болды. Лайнердің артқы жағында отырған 32 жастағы жолаушы Ариэль Джин Джексон белгісіз себеппен бортсерікпен ұрысып қалды. Қонғаннан кейін қыз әуекемесінен түсіп бара жатқанда басқа бортсерікпен жанжалдасады.
Кейін Джексонның бортсерікті басынан ұрғаны белгілі болды. Оқиға салдарынан полиция әйелді ұстап алып, қамауға алды. Әйелге әуекомпания қызметкеріне шабуыл жасады деген айып тағылды.
Зардап шеккен бортсерік ауруханаға жеткізіліп, келесі күні емдеу мекемесінен шығарылған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!