"Уральские авиалинии" әуекомпаниясы қазанның соңына дейін Қазақстанға рейстерді тоқтата тұратын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстанға және кері қарай барлық рейс 11.03.2022-29.10.2022 аралығында тоқтатылды", - делінген ресми сайтта.
Сондай-ақ, компания ТМД-ның бірқатар басқа еліне: Әзербайжан, Армения және Өзбекстанға рейстерді тоқтатты.
Бұған дейін "Уральские авиалинии" Қазақстанға рейстердің сәуірге дейін уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатын.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!