Ұлттық парктерді дамыту үшін 14,5 миллиард теңге инвестиция тартылды

© Shutterstock

"Көлсай көлдері", "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық парктерін дамыту үшін 14,5 миллиард теңге инвестиция тартылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Көлсай көлдері", "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық парктерін дамыту үшін 14,5 миллиард теңге инвестиция тартылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін "Алтын-Емел", "Көлсай көлдері" және "Шарын" ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелерін жариялады.

Реклама
Реклама

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті инвесторлардан барлығы 6 өтінім берілді. Конкурстық құжаттардың жобалары аталған ұлттық парктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылғанын, әр ұлттық парк бойынша конкурстарға қатысушылармен алдын ала талқылаулар жүргізілгенін атап өткен жөн.

Өткізілген конкурстар нәтижесінде "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша "Таунтон Плюс" ЖШС құрамындағы консорциум атынан "QazaqGeography" РҚБ, "Көлсай көлдері" бойынша "Атырау-Рент" ЖШС, "Алтын–Емел" бойынша "Asemtal" ЖШС құрамындағы консорциум атынан "QazaqGeography" РҚБ өткізілген жеңімпаздар болып танылды.

 

Еске салайық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында "Алтын-Емел", "Көлсай көлдері" және "Шарын" ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамыту Тұжырымдамаларының тұсаукесерлері әзірленіп, өткізілді.

Оларды талқылауға шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы ұлттық парктер жанынан құрылған Қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты.

Тұжырымдамада туристік маршруттар мен соқпақтардың дамуына, туристік нысандарды күрделі құрылыссыз орналастыруға басты назар аударылған сондай-ақ, қазіргі заманғы визит-орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдары мен керуенге арналған орындарды құру көзделген.

Осылайша, Тұжырымдаманы іске асыру үшін үш ұлттық парк бойынша 14,5 миллиард теңге, оның ішінде Шарын ұлттық паркі бойынша 4,5 миллиард теңге, "Көлсай көлдері" бойынша 5 миллиард теңге, "Алтын-Емел" бойынша 5 миллиард теңге көлемінде инвестициялар тартылды.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная