Үлкен Алматы айналма жолының ақысы қалай алынады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті Алматыдағы ҮААЖ жолақысының қалай алынатындығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында комитет өкілі ҮАААЖ-да жолақысын алудың ашық жүйесі қарастырылғанын, бұл жүйеде шығу және кіреберістерге шлагбаум орнату қарастырылмағанын айтты. Оның орнына жол бойына өтіп бара жатқан көліктерді тіркейтін 24 бақылау пункті мен 100-ден астам камера орнатылады.

ҮАААЖ-на кірер алдында көліктің мемлекеттік нөмерін тіркеу арқылы алдын ала ҮАААЖ-на төлем жасауға болады.

ҮАААЖ-на кіргеннен кейін және шыққанда жолақысын бақылау аймақтарына қарай бекітілген төлемді жеті күн ішінде төлеуі тиіс.Төлемді танымал банктердің қосымшалары арқылы жасауға болады.

ҮАААЖ бойынша жол жүру тарифтері НПА сайтында бұрын жарияланған. Жеңіл автомобильдер үшін 0,07 АЕК – (241,5 теңге) және жүк көліктері үшін 0,12 АЕК (414 теңге) – 0,72 АЕК (2484 теңге) өткізу жолақысы осы бағалар аралығында қабылданады.

Қарасай, Іле және Талғар аудандарында тіркелген автокөлік иелері үшін ҮАААЖ жол аймағына өтуге абоненттік төлем қарастырылған.

Айлық және жылдық жазылым бағасы:

  • автомобильдер айына 0,5 АЕК – 1 725 теңге және жылына 6 АЕК – 20 700 теңге төлейді;
  • 16 жолаушыға арналған орындығы бар автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 2,5 АЕК – 8625 теңге және жылына 30 АЕК – 103 500 теңге;
  • 32 жолаушыға арналған орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – айына 4 АЕК – 13 800 теңге және жылына 48 АЕК – 165 600 теңге;
  • 32 жолаушы орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін – 5 АЕК – айына 17 250 теңге және жылына 60 АЕК – 207 000 теңге;
  • жүк көтергіштігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 6,5 АЕК – айына 22 425 теңге және жылына 78 АЕК – 269 100 теңге;
  • жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп жүк автомобильдерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлар – айына 8,5 АЕК – 29 325 теңге және жылына 102 АЕК – 351 900 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!