Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Шығыс Қазақстан облысындағы шекара маңы аумақтарына бару ережелері туралы айтып берді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол үшін рұқсат алу қажет, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Арнайы рұқсаттама "шекаралық белдеуге кіруге және жүріп, тұруға арналған" деп аталады. Оны ресімдеу - ҰҚК Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет. Рұқсаттаманы "Азаматтарға арналған үкімет" веб-порталы (eGov.kz) немесе "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" (E-license) ақпараттық жүйесі арқылы электрон форматта алуға болады.
2021 жылы және 2022 жылдың І тоқсанында біздің және шетелдік азаматтарға Шығыс Қазақстандағы шекаралық белдеуге бару үшін 13 мыңнан астам рұқсаттама берілген. Рұқсаттаманы ресімдеу қажеттілігі туралы қосымша кеңес үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне +7 (7232) 29-30-26 телефоны арқылы жұмыс уақытында хабарласуға болады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!