ҰҚК: Алматы әуежайында жалған төлқұжат көрсеткен шетелдіктер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/shekaraknbkz Фото: instagram.com/shekaraknbkz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік азаматтардан жалған төлқұжаттар анықталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік азаматтардан жалған төлқұжаттар анықталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 15-16 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды.

"Арнайы техникалық құралдарды қолдана жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады. Жалған төлқұжаттар алынды. Екі адамға қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды", - делінген хабарламада.

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 дерегінің жолын кесті.

"ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын хабарлайды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная