Туроператорлар Мысырдың қазақстандықтар үшін қашан ашылатыны жайлы айтты

@Shutterstock

Қазақстандық туристер өткен жылдың қарашасынан бастап Мысырға кіре алмайды. Бағыт коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты жабылды. Бірақ қазір бұл штамм Қазақстанда да пайда болды. Kaz.tengrtravel.kz тілшісі Мысырдың саяхатшылар үшін қашан ашылатынын білуге тырысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық туристер өткен жылдың қарашасынан бастап Мысырға кіре алмайды. Бағыт коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты жабылды. Бірақ қазір бұл штамм Қазақстанда да пайда болды. Kaz.tengrtravel.kz тілшісі Мысырдың саяхатшылар үшін қашан ашылатынын білуге тырысты.

Мысырдың ашылуының нақты күнін ешкім атай алмайтынын бірден ескеру керек. Алайда, туризм саласындағы мамандардың көпшілігі бағыттың ашылуы 2022 жылғы көктемінің басында болады деп болжайды.

Реклама
Реклама

"Наурызда деп ойлаймыз. Осы уақытқа дейін "омикрон" басылады деген үміттенеміз", - деді "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрағасы Инна Рей.

Турагенттер де 2022 жылдың наурызын бағыттың ашылу уақыты деп атайды. "ARTi BELON" турагенттігінің өкілі Артем Белоногтың айтуынша, рейстер наурыздың басында алдын ала жоспарланған, бірақ бұл бағыттың қайта басталатынына кепілдік бермейді.

TravelBank агенттігінің өкілі Евгения Кислова да сол жоспармен (Мысырмен әуе қатынасы наурызда қайта басталады) бөлісті. Оның айтуынша, қазір бәрі Қазақстан билігінің ресми рұқсатын күтуде.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная