Түркістаннан Бішкекке жаңа рейс ашылады

Бішкекке Түркістан арқылы рейстер 31 мамырдан бастап ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Қазақстандық Flyarystan лоукостерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Түркістан арқылы Бішкекке тұрақты рейстер аптасына екі рет - 31 мамырдан бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады. Билеттерді қазір мобильді қосымшаның көмегімен немесе компанияның ресми сайтынан сатып алуға болады.

Лоукостердің коммерциялық директоры Жанар Жайлауованың айтуынша, халықаралық бағыттарды арттыру флоттың кеңеюінің арқасында мүмкін болды. Мамыр айында компания 10-шы Airbus A320-ны қосты.

"Біз Қырғызстан мен Қазақстан арасында Кедергісіз жүруге мүмкіндік беретін жаңа халықаралық рейсті ұсына отырып, маршруттық желінің кеңейтілгені туралы қуана хабарлаймыз. Қолжетімді тарифтер мен мінсіз тоғысулар қазақстандықтар үшін Нұр-сұлтан мен Алматыдан Түркістан арқылы Бішкекке саяхаттауға көбірек мүмкіндік береді", - деді ол.

Айта кетейік, FlyArystan ұшақтары Қазақстанның 14 қаласы арасында рейстерді орындайды, ал наурыз айында компания Түркістанды Ыстамбұлмен байланыстырып, 2 мамырда Атырау, Ақтау және Нұр-сұлтан қалаларынан грузиялық Кутаисиге тұрақты рейстерді орындай бастады.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.