Түркістаннан бағасы 16 мың теңге болатын әуе рейсі іске қосылады

Түркістан әуежайынан бағасы 16 мың теңгеден басталатын ішкі бағыттар бойынша субсидияланған рейстер іске қосылады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Түркістанның әуе айлағынан Қазақстанның қай қалаларына төмен бағамен баруға болатынын айтып береді.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарға конкурс өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді "SCAT" және "Qazaq Air" әуе компаниялары "CRJ2", "B-737", "Q400" әуе кемелерімен орындайтын болады. Алғашқы рейстердің басталуы 2021 жылдың 15 шілдесіне жоспарланған, осы бағыттар бойынша билеттердің құны 16-25 мың теңгені құрайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!