Түркістан - Ыстамбұл алғашқы рейсіне билеттердің 98 пайызы сатылған

Сурет Азаматтық авиация комитетi баспасөз қызметінен

2021 жылғы 21 наурызда көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясымен Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейс іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Азаматтық авиация комитетi баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 21 наурызда көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясымен Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейс іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Азаматтық авиация комитетi баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рейс жиілігімен, жұма және жексенбі күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалатын болады. Кейіннен рейстер саны аптасына 7-ге дейін (күн сайын) көбейеді.

Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Биыл 21 наурыздан бастап Түркістан - Ыстамбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылды (98 пайыз жүктеу).

Реклама
Реклама

Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласының әуежайынан 80-нен аса рейс орындалып, 23 мыңға жуық жолаушы тасымалданды, рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі - 85 пайыз.

Бүгінде Түркістан қаласының әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларына ішкі рейстер орындалады және түркі әлемінің рухани орталығы ретінде ағымдағы жылдың 2-тоқсанынан бастап Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) аптасына 53 рейс жиілігімен байланыстыру жоспарланған. 

Түркістан қаласының әуежайы шетелдік әуекомпаниялардың ұшуы үшін "ашық аспан" режиміне енгізілген, бұл оны ұшу географиясын кеңейту үшін тартымды етеді және шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.
Түркістаннан Новосибирскіге (РФ), Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және т.б. жаңа рейстерді іске қосу жоспарлануда. Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная