Түркістан облысында таулы аймақта турист құтқарылды

Түркістан облысында таулы аймақта турист құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 мамырда 23:00-де Түркістан облысының аумағындағы таулы аймақтан турист хабарласып, өз тобынан қалып қойғанын айтып шамамен Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының маңында адасып кеткенін айтқан.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облыстық ТЖД құтқару жасағы аттанған. 29 мамырда түнгі 01:00-де 1987 жылғы ер адам табылып, қауіпсіз жерге жеткізілген. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады. 2023 жылы таулы аймақта бұл бірінші жағдай еместігі айтылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!