Түркістан облысында екі арқардың текетіресі видеоға түсіп қалды

видео кадры

Қазақстандық саяхатшы Түркістан облысындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында арқарларды суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық саяхатшы Түркістан облысындағы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағында арқарларды суретке түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Steppe Daddy лақап атымен танымал Батыржан Сейдомар бұл кадрларды қазанның басында түсіріп алған. Кадрларды Instagram stories-те көріп, әдемі және сирек кадрларын бөлісуді сұрадық. Автор арқарлар серуендеуін ғана емес, сонымен қатар екі жануардың текетіресін де түсіріп алған.

Шағын әңгімеде Батыржан өзінің алматылық екенін, саяхаттауды жақсы көретінін, сонымен қатар ғылыми экспедициялар ұйымдастыратынын айтты.

Реклама
Реклама

"Түсіріліммен 2008 жылдан бастап, кәсіби - 2013 жылдан бастап айналысамын. Мен ұялы телефонға минуттық бейнелерді шамамен 2017 жылдан бері түсіріп келемін, бірақ ол кезде iPhone болған жоқ, сондықтан контент жасауда қиындықтар болды. Арқарлардың кадрлары Dji Mavic 2 дронымен түсірілген. Түсірілімдегі ең қымбат нәрсе, әрине, жабдық. Қорық аумағында кадрлар түсіру үшін арнайы рұқсат алдық", - деді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама