Түркияға ұшқан лайнерде жасөспірімнің неден қайтыс болғаны белгілі болды

© Pixabay

БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Қазан - Анталья бағытында ұшқан әуекмесінде жасөспірімнің неден қайтыс болғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Қазан - Анталья бағытында ұшқан әуекмесінде жасөспірімнің неден қайтыс болғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

17 жастағы ресейлік қыз "жедел жәрдем" келгенге дейін жан тапсырған. Қыз баланың жағдайы әуеде нашарлаған. Ұшақ бортында үш дәрігер болған, олар 45 минут бойы жансақтау әрекеттерін істеген, алайда аман алып қала алмаған.

"Қыз бала "103" келгенге дейін қайтыс болды. 2006 жылғы кәмелетке толмаған қыз Татарстан Республикасының тұрғыны, ол ДЦП анамнезімен ауырған", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ұшқыштар лайнерді дереу Орал қаласына 16:00-де қондырған. Дәрігерлерді шақыру 16:02-де жүргізілген. "Жедел жәрдем" бригадасы әуежайға Қонаев ықшамауданынан аттанған. 16:17-де олар діттеген жерге жеткен.

Айта кетейік, Қазан қаласынан түркиялық Антальяға ұшқан Turkish Airlines әуекомпаниясының TK 3995 рейсінде төтенше жағдай болды: 17 жастағы ресейлік қыз қайтыс болды. Ұшақ дереу бағытын өзгертіп, Қазақстанға қонды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная