Түркияға Қазақстаннан жаңа рейстер ашылады

Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен Анкараға жаңа рейстер ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті ресми сауалға жауапта жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен Анкараға жаңа рейстер ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті ресми сауалға жауапта жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"2022-2023 жылдағы күзгі-қысқы кезеңде Нұр-Сұлтан - Баку, Нұр-Сұлтан - Анкара, Ақтау - Анкара және Шымкент - Анкараға әр бағыт бойынша аптасына екі рейс жиілікпен рейстер ашу жоспарланып отыр", - делінген ресми сұрау салуға жауапта.

Сонымен қатар, комитеттің мәліметінше, Алматы – Карачи маршруты бойынша Пәкістанға, Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша Моңғолияға, сондай-ақ Тәжікстанға Нұр-Сұлтан - Душанбе бағыты бойынша рейстер ашу жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ведомствода Нұрсұлтан Назарбаевтан Нью-Йоркке тікелей рейстерді іске қосу 2024 жылдың аяғында - 2025 жылдың басында жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная