Түркиядағы жер сілкінісі: қазақстандық туристерге жолдама үшін ақшасы қайтарыла ма?

Көптеген қазақстандықтар Түркияға саяхатты жоспарлап, сол күнді асыға күткен. Алайда табиғи апатқа байланысты қауіпсіздік мәселесін ескеріп, адамдар жоспарын өзгертуі мүмкін. Tengritravel.kz тілшісі Түркияға жолдаманың ақысын туристерге қайтара ма деген сұрақтың жауабын білді.

"Туристік Қамқор" қорының төрайымы Инна Рейдің айтуынша, қазіргі уақытта қор 224 туркод берген, оның көпшілігі Антальяға, бірнешесі Ыстамбұлға.

"Қалай болғанда да, біздің ұйымдасқан туристер апат болған аймақтан алыста. Олар жоспарларын өзгерткен жоқ, алдағы турлардан да бас тартқан саяхатшылар болмады, Түркияда демалып жүрген отандастарымыз қандай да бір мәселеге байланысты хабарласу болмады", - дейді Инна Рей.

Реклама
Реклама

Инна Рейдің айтуынша, егер турист Түркияға сапарын кейінге қалдыруды немесе мүлде бас тартуды шешсе, ол бірінші кезекте тиісті мәлімдеме жазуы керек.

"Бірінші кезекте турагенттен өтініш жазып, ағымдағы жағдайға сілтеме жасау керек. Әдетте, егер себеп жеткілікті маңызды болса, шешім тез қабылданады, ақшаны қайтару және сапардан бас тарту жасалады. Алайда, бұл туроператордың нақты шығындарына да байланысты. Егер сапар жақын арада болса, онда әуе билеттерін қайтару ережелері күшіне енеді және белгілі бір сома ұсталады", - деп еске салды маман.

Айта кетейік, дүйсенбіде Түркияда жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады. Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!