26 қазан 2023 10:01

Түркияда туристер мінген екі микроавтобус соқтығысты

© iha.com.tr/Arif Kaplan

Түркияның оңтүстігіндегі Анталья провинциясында екі микроавтобус соқтығысып, кем дегенде бес адам ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі IHA агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның оңтүстігіндегі Анталья провинциясында екі микроавтобус соқтығысып, кем дегенде бес адам ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі IHA агенттігіне сілтеме жасап.

"Зардап шеккендердің арасында ресейліктер көп, Олардың көбісі ауруханаға барудан бас тартты. Олардың арасында бет-ауызы қанаған және дәрігерлердің көмегімен жарақатын таңып алғандардар болды. Дәрігерлердің ауруханаға барып қаралу ұсынысын елемей, көпшілігі қонақүйге баруды қалаған", - деп жазады басылым тілішілері.

Реклама
Реклама

Агенттік мәліметінше, ауруханаға екі жүргізуші де және бес ресейлік турист жеткізілген. Апат болған кезде екі микроавтобуста бір бағытта D400 тасжолында келе жатқан. Қызылағаш ауылының маңында біреуі екіншісіне соқтығысқан.

Ресейдің СІМ өкілдері бес ресейлік туристің ауруханаға түскенін және біреуіне ота жасалғанын растады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram