Түркияда жылытылатын бассейн: қарашада мұндай демалыс қаншаға шығады?

© pixabay.com/witoworks

АТОР мамандары түркиялық Анталья курорттарында қараша айында ашық бассейндері бар жайлы қонақүйлерде демалу қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АТОР мамандары түркиялық Анталья курорттарында қараша айында ашық бассейндері бар жайлы қонақүйлерде демалу қанша тұратынын есептеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жылытылатын бассейндер қазіргі уақытта сұранысқа ие, өйткені қарашада теңіз суын салқындап, шомылуға келмейді. Түркиялық туроператор мәліметінше, қысқы маусымда Антальяда шамамен "барлығы қамтылған" жүйесі бойынша жұмыс істейтін 140-150 қонақүй бар, олардың тек үшеуінде ғана жылытылатын ашық бассейн бар екен.

Реклама
Реклама

Тағы бір туроператор саяхатшыларға жылытылатын бассейндердің қай күндері істейтінін нақтылап алуға кеңес береді, өйткені мұндай қызмет кей қонақүйде тек адамдар көп шоғырланғанда не мереке күндері қосылады-мыс.

АТОР бірнеше ресейлік туроператорларға сілтеме жасап, жылытылатын бассейні бар бір апталық тур қаншаға шығатынын жариялады. "Бес жұлдызды" қонақүйде екі адамға демалыс құны 710 000 - 1 217 000 теңге аралығында болмақ. Delux деңгейіндегі қонақүйлерде демалу 1 217 000 - 1 268 000 теңге болады. Бағалардың толық нұсқасын АТОР сайтынан көруге болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная