Түркияда демалыс 60 пайызға қымбаттауы мүмкін - сарапшылар

Туризм саласындағы сарапшылар Түркиядағы демалыс бағасының 60 пайызға дейін көтерілуін болжады. Бұған шетелдік туристер арасында Түркиядағы демалысқа сұраныстың артуы, сондай-ақ лира курсының төмендеуі себеп болып отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап. 

23 қарашада лира 5 пайызға әлсіреп, АҚШ долларына қатысты 11,9990 және еуроға қатысты 13,4035 жаңа рекордтық деңгейге жетті. Сарапшылар қонақүйлердегі бағалар келесі жылы наурыздың соңында көтерілуі мүмкін деп болжайды. Алдыңғы жылдары демалыстың қолжетімді бағасы маусымға дейін сақталды.

"2022 жылғы маусымда шетелдік туристердің сұранысы өте жоғары болуы мүмкін. Біз жергілікті туристерді қонақүйлер толмас бұрын орындарды брондауға шақырамыз. Маусымда бағаның өсуі 50-60 пайызға жетеді", - деп ескертті сарапшылар.

Қазір жазғы маусымға ерте брондау науқаны басталды. Туристік агенттіктер 50 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынады, ал бағалар өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсті. Туризм коронавирус пандемиясынан кейін белсенді түрде қалпына келіп жатыр. Түрік туристік агенттіктері қауымдастығының президенті Фируза Баглыкаяның айтуынша, Түркияда демалуға деген сұраныс қарқынды өсетін болады, сондықтан ол ерте брондауды пайдалануды ұсынады.

Бұдан басқа, жаңа бағалар желтоқсаннан кейінгі жаңа бағамдарға сәйкес анықталады. Түрік лирасы қатты құлдырап жатқаны белгілі. Бұл Түркиядағы демалыс бағасының өсуіне теріс әсер етеді. Әсіресе жергілікті туристер үшін оңай болмайды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!