Түркия мен БАӘ-ден ұшып келген үш қазақстандықтан коронавирус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
ПТР сынамасының нәтижесі бойынша 2021 жылдың 29 қаңтарында анықтамасыз ұшып келген 236 қазақстандық азаматтың ішінде үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың екеуі Ыстамбұл - Нұр-Сұлтан рейсімен, ал бір жолаушы Дубай - Алматы рейсімен келді.
2021 жылдың 30 қаңтарында Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 15 халықаралық рейс келген.
2059 әуе жолаушысының 1612-сінде ПТР сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болды, 447 азаматтарта анықтама болған жоқ.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына - 9 рейс, 1325 жолаушы, анықтамамен - 1049, анықтамасыз - 276;
Нұр-Сұлтан әуежайына - 4 рейса, 452 жолаушы, анықтамамен - 396, анықтамасыз - 56;
Қостанай әуежайына - 1 рейс, 171 жолаушы, анықтамамен - 110, анықтамасыз - 61;
Орал әуежайына - 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен - 57, анықтамасыз - 54.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР сынамасы арқылы COVID-19 тестінен өтті, енді оның нәтижесін карантиндік стационарда күтіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!