Полицейлер Алматыда такси жүргізушісін тауып, қылмыстық жауапкершілікке тартты, ол 21 мамырда үндістандық туристерді 355 мың теңгеге әуежайдан қонақүйге жеткізген. Осындай алаяқтық жолмен ол мамырдың басында Германиядан келген туристен 200 мың теңге иемденген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"21 мамырда жеке тасымалдау ісімен айналысатын ер адам Алматы халықаралық әуежайында Үндістаннан келген туристерді көлігіне отырғызып, қонақүйге мың теңгеге жеткізетінін айтқан. Алайда діттеген жерге жеткенде ол жолаушылардан 1 180 доллар талап еткен. Егер бұл соманы бермеген жағдайда ол жолаушыларды жазалайтынын және заттарын бермей қоятынын айтқан. Осылайша шетелдік туристер тасымалдаушыға 800 доллар беріп құтылған", - деді құқық қорғау органдарының мамандары.
Осы дерекке қатысты Үндістан азаматтары Бостандық аудандық полиция басқармасына арызданған. Полицейлер 27 жастағы ер адамды ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша іс қозғалған.
Ер адам істеген ісіне өкініш білдіріп, шетелдіктердің шығынын өтеді.
"Сондай-ақ көптеген жол жүру ережелерін бұзу және төленбеген айыппұлдардың болуына байланысты оның көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды", - деді полицейлер.
Шетелдіктерді тасып, қомақты қаражат талап етуге машықтанған ер адамның екі дерегі белгілі болды. Біріншісінде ол Германиядан келген туристен 200 мың теңге алған, бірнеше аптадан соң ол жазаланды. Көп ұзамай Үндістанның төрт азаматы осы такси жүргізушісінің құрбаны болды. Олар 355 мың теңге беріп құтылған. Шетелдіктер ертесіне сол адамды Алматыдан 300 шақырым жерде қайта көрген. Қаскөй барлық елде мұндай алаяқтық әрекеттер барын айтқан.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!