Туристер үшін орнатылған дәретханалар неге істемейді. Министрдің жауабы

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туристік орындарда дәретханалар орнатуды қымбат деп атады. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі жазады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туристік орындарда дәретханалар орнатуды қымбат деп атады. Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі жазады. 

"Өңірлердің назарын дәретханалардың жағдайына аударғым келеді. Бұл мәселені жеке бизнесті тартумен шешу қажет деп ойлаймын", - деді Абаев Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Ол турдестинацияға жататын аумақтарда дәретханалардың жетіспейтінін айтты.

"Оларды (әкімдіктер. - авт.) түсінуге де болады. Мысалы, Қайыңды - қазір көптеген турист келетін тамаша орын. Дәретханалар салынған, бірақ олар жұмыс істемейді. Өйткені бұл өте қымбатқа түседі. Оларды толық жабдықтау жүйесіне қосу арзан емес", - деп атап өтті министр.

Ол қазір су болмаған соң дәретханалар бос тұрғанын айтты. 

"Енді әкімдіктер бизнеспен бірге басқа да жолдарын қарастырғаннан кейін шешім табамыз", - деп уәде берді министр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная