Туристер Қазақстанның көрікті жерлеріндегі суреті үшін сыйлық алады

Қазақстанның туристері конкурсқа қатысуға және еліміздің ең әдемі жерлерінде суретке түскені үшін құнды сыйлықтар алуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Халықаралық туризм күніне арнайы NeoNomad 2022 республикалық акциясы басталды. Ережеге сәйкес, туристер жыл бойы бүкіл ел бойынша саяхаттап, ең әдемі жерлерде суретке түсуі керек.

Жоба Қазақстанда баруға ұсынылатын ең көркем және қызықты 20 орынның тізімін қамтиды. Туристер арнайы фотозонада суретке түсіп, #neonomad2022 хэштегімен әлеуметтік желілерде кадрларын жариялауы керек.

Әрі қарай, тегтер бойынша жеңіске үміткерлердің тізімі жасалады. Келесі жылдың қыркүйегінде қорытынды шығады. Барлық 20 орынға келген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Фотозона орнатылған орындардың тізімі:

1. Астанадағы "Бәйтерек" монументі,

2. Көк-Жайлау және Алматыдағы "Шымбұлақ" тау курорты,

3. Ақмола облысы – Зеренді,

4. Ақтөбе облысы - Ақтолағай үстірті,

5. Алматы облысы – Таңбалы петроглифтері,

6. Атырау облысы - Сарайшық қалашығы,

7. Батыс Қазақстан облысы – Көпестер үйі,

8. Жамбыл облысы - Айша бибі кесенесі,

9. Қарағанды облысы - Қарқаралы қаласы,

10. Қостанай облысы – Наурызым қорығы,

11. Қызылорда облысы – "Қорқыт Ата" мемориалдық кешені,

12. Маңғыстау облысы - Қапамсай,

13. Түркістан облысы - Сауран қалашығы,

14. Павлодар облысы - "Баянауыл" МҰТП, Кемпіртас жартасы,

15. Солтүстік Қазақстан облысы – Имантау көлі,

16. Шығыс Қазақстан облысы – "Берел" мұражай-қорығы,

17. Шымкент - "Цитадель" тарихи кешені,

18. Абай облысы - Абайдың "Жидебай-Бөрілі" тарихи-мәдени кешені,

19. Жетісу облысы-"Алтын Емел" МҰТП, Ақтау таулары,

20. Ұлытау облысы - "Жошы хан" тарихи-мәдени орталығы.

Neonomad2022 акциясы туралы толығырақ сайттан білуге болады. Ұйымдастырушылар - "Kazakh Tourism ҰК" АҚ және Мәдениет және спорт министрлігі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!