Туристер Қазақстанның қай визит-орталығына жиі барады?

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы статистика бойынша, Алматы облысындағы "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалындағы "Turgensai" және "Аюсай" туристік визит-орталықтарына еліміз бойынша ең көп саяхатшы келген. Алғашқы алты айда бұл орталыққа 258 632 адам саяхаттаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы статистика бойынша, Алматы облысындағы "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалындағы "Turgensai" және "Аюсай" туристік визит-орталықтарына еліміз бойынша ең көп саяхатшы келген. Алғашқы алты айда бұл орталыққа 258 632 адам саяхаттаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші орынға алты айда 49 332 келушілерді жинаған Алматы облысының Шарын каньонындағы "Sharyn" визит орталығы жайғасты. Ал үшінші сатыға Ақмола облысының Зеренді қаласындағы визит-орталық тұрақтады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында орталық 11 709 адамды қабылдаған.

Сондай-ақ Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығының сапар орталығына 7 мыңнан аса адам барса, Алматы облысының Алтын емел ұлттық саябағындағы "Алтын Емел" орталығына 6 мыңнан аса адам келген.

Реклама
Реклама

"Ұлттық парктердегі визит-орталықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы алаңының 5 пайызынан аспайды және экологияға зиян келтірмей жұмыс істейді. Туристерге орналасу орны және келу ережелері туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ тамақтану және уақытша орналастыру қызметтері көрсетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай нысандарға сұраныс артып келеді", - дейді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная