Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі төмен маусым кезінде ел аумағында туристік сапар үшін 5-20 пайыз аралығында туристік кешбэк енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, бұл шара ұйымдастырылған демалыс мәдениетін дамытуға және ел ішінде саяхаттаудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Министрлік жобасына сәйкес кэшбэк мөлшері туристердің қанша күн демалғанына байланысты белгіленеді.
Мәселен, 1 түнеген туристке тур құнының 5 пайызы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады. Ал, 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10 пайызын, 3 күн түнесе 15 пайызын қайтарып алады. Ең жоғары - 20 пайыз кешбэк 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі.
Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді.
"Бүгінгі таңда аталған ережелер жобасы әзірленіп, туристік нарық өкілдерімен талқылау жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.