Біріккен Араб Әмірліктерінде, басқа да ислам елдері секілді көптеген тыйымдар бар. Біразы түсінікті, ал кейбіреулері туристерді таңғалдырмай қоймасы анық. Жергілікті билік қонақтарға барынша жұмсақ қарауға тырысады, алайда соған қарамастан мына тыйымдарды біле жүрген жөн. Өйткені оның салдары сізді тығырыққа тіреуі мүмкін. Tonkosti басылымы БАӘ-дегі тыйымдарды тізіп жазды , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қоғамдық көлікте тамақтануға және сусын ішуге болмайды
Қоғамдық көліктің барлық түрінде, сондай-ақ станциялар мен аялдамаларда тамақтануға және сусын ішуге тыйым салынған. Егер сізді метрода не автобуста кола ішіп немесе балмұздақ жеп тұрған жеріңізден ұстаса онда 12 мың теңге көлемінде айыппұл салады.
Көкнәр тұқымы қосылған азық-түлік алып жүруге болмайды
БАӘ-де есірткіге қарсы заң қатал. Тіпті салыстырмалы түрде зиянсыз көкнәр тұқымдарына тыйым салынған (олар апиын жасау үшін қолданылады). Сондықтан, егер сіз көрші асханадан сүйікті көкнәр қосылған тоқашты сөмкеңізге салуды ойласаңыз, бұл идеядан бас тартқан жөн.
Лас көлікпен жүруге болмайды
Жергілікті заң бойынша лас көліктер "қаланың көркін бұзып, қоғам денсаулығына зиян келтіреді". Көлік жуудан жалтарсаңыз, 350 мың теңге айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
Адамдарды рұқсатсыз суретке түсіруге болмайды
БАӘ заңнамасы жеке өмірге қол сұғушылықты қатаң түрде бақылайды. Егер біреуді рұқсатсыз суретке түсірсе өте қатал жазаланады: құқық бұзушыларға қомақты айыппұлдар, тіпті түрмеге қамау жазасы тағайындалады, әсіресе суреттер әлеуметтік желілер сияқты көпшілікке жарияланса жағдай тіпті ушығады.
2015 жылы БАӘ-де күйеуімен бірге тұрған аустралиялық суретші мүгедектерге арналған орындарда тұрған көліктің суретін Facebook парақшасында жариялағаны үшін 1,2 миллион теңге айыппұл төлеп, елден шығарылған.
Қоғамдық орындарда билеуге болмайды
Әмірліктерге демалуға келіп, әуежайда қуаныштан билегіңіз келсе, қонақүйге жеткенге дейін барынша өзіңізді ұстаңыз. Жұрт алдында билеу бұл елде тәртіпсіз қылық ретінде есептеледі. Тек белгіленген жерлерде билеуге рұқсат, мысалы өзіңіз тоқтаған үй немесе лицензияланған түнгі клубтар.
Жолда көлік апатын суретке түсіруге болмайдыБАӘ-де саяхаттау кезінде суретке түсіру кезінде жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз жөн. Мұнда адамдардың рұқсатынсыз суретке түсіру тыйымынан бөлек, үкіметтік ғимараттарды, әскери нысандарды, сот және сарайларды суретке түсіруге болмайды. Әсіресе жолдағы апаттарды және басқа да оқыс жағдайларды фото/видеоға түсіруге тыйым салынған. Бұл үшін сіз 6 миллионнан 350 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуіңіз мүмкін.
Жұрт алдында өз сезіміңді білдіруге болмайды
БАӘ-де қоғамдық орындарда қол ұстасып жүруге, сүйісуге және құшақтасуға болмайды (басқа да интим дүниелерін айтпаса да белгілі).
Жергілікті билік әдетте туристердің мұндай мінез-құлқына көз жұмады, алайда оларды жауапкершілікке тартқан жағдайлар бар. Мысалы, 2010 жылы Ұлыбританиядан келген ерлі-зайыптылар қамауға алынып, әдеттегі сүйісу үшін әдепсіз мінез-құлық жасады деп айыпталды. Жігіт пен қыз айыптау қарсы болып, өздерінің кінәсіз екендерін дәлелдемек болған, бірақ олар бір ай түрмеде отырды, содан кейін жер аударылды.
Балағат сөз айтуға болмайды
Әмірліктер балағат сөздерге қатысты өте консервативті, тек дауыстап айтылған балағат сөздер туралы ғана емес, сонымен қатар жазбаша тіл туралы, мысалы, әлеуметтік желілерде және тіпті жеке хат алмасудағы мессенджерлердегі сөздер үшін жауап беруге тура келеді.
Егер сіз араб тілінде сөйлемесеңіз, қуануға асықпаңыз: тыйым - ишараға да қатысты. Мысалы, 2017 жылы Ұлыбританиядан келген IT-кеңесші жолдағы оқиға кезінде әдепсіз қылық көрсеткені үшін қамалып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Көлікті баяу жүргізуге болмайды
Сонымен қатар, БАӘ жолдарында жол белгілерінде көрсетілген ескертулерде қалай тұр, сол жылдамдықты сақтаған дұрыс, жылдам немесе баяу жүруге рұқсат етілмейді. Көлікті баяу жүргізгені үшін жүргізуші 100 доллар (43 мың теңге) айыппұл арқалайды. Бұл туралы Travel-блогер Анастасия Белозерова айтты.
@nastasteful А еще обязательно нужны международные права ? #дубай #оаэ #жизньвдубае #отдыхвдубае #дубай2023 ♬ Big boy - ?Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!