Туристер Балқашта жақсы демалыс үшін не жетіспейтінін айтты

Қазақстанның көлемі бойынша екінші көліндегі жағалаудың әсемдігі шетелдік теңіз пейзаждарынан кем түспейді. Туристердің турбазалар мен жолдардың жағдайы туралы пікіріне сүйенсек, Балқашта демалу әлемдік стандарттарға сай болуы үшін көп жұмыс істеу керек. Kaztengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге туристердің Балқаш көлі туралы пікірін шолып, меморгандардың қандай жұмыстар істеп жатқанын сұрастырды. 

Су айдыны бірден Қазақстанның үш облысында: Алматы, Жамбыл және Қарағандыда орналасқан. Туристер үшін Балқаштағы демалыс Алматы және Қарағанды облыстары тарапынан қолжетімді. Мұнда туристер маусымның ортасынан бастап қыркүйекке дейін шомылады.

Біз Қарағанды және Алматы облыстары тарапынан Балқаштағы демалыстар туралы туристердің пікірін жинадық, туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірлерін білдік, сондай-ақ, демалыс аймақтарында сервис жолға қою үшін не істеліп жатқаны туралы мемлекеттік органдардың жоспарын сұрадық.

Туристер мен кәсіпкерлердің пікірі

Қарағанды жағалауында көптеген курорттық аймақ, демалыс үйі мен пансионаттар бар. Қарағанды облысының жағалауындағы пансионат директоры Әсел Төлетаеваның айтуынша, жыл сайын туристер тарапынан сұраныс пен қызығушылықтың артқаны байқалады.

"Жыл сайын туристер көбейіп жатыр. Қазір барлық бөлме мен үй келесі айдың ортасына дейін брондалған. Мүмкіндігінше жағдай мен сервисті жақсартуға тырысамыз", - деді бизнес иесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТРЕНЕР ЛФК ??ℕ?? (@b.valentina.v)

Қазақстандықтар Қарағанды тарапынан Балқашта демалу туралы алған әсерлерімен бөлісе отырып, жағдайға риза болады. Бірақ Мысыр немесе Түркиямен салыстырып, бағаның қымбат екенін байқаған. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Бекарыс Оспан Қарағанды облысы жағынан Балқашта - Тораңғылық ауылындағы базада демалысын қалай өткізгенін айтып берді.

"Біз осы жазда маусымның басында демалдық. Төрт күннің құны Нұр-Сұлтан қаласынан бензин шығындарымен 170 мың теңгені құрады. Жалпы, жағдай жаман емес - таза, жайлы. Ісін жақсы көретін кәсіпкерлер екені көрініп тұр. Сұраныс та байқалады -15 маусымда демалыс орталықтары шілде айына дейін бос болған жоқ. Керемет көл, біз барлық уақытты жағалауда өткіздік. Кемшілігі - көлдің түбінде тас көп.

Тамақтану да орташа. Бағасы қымбат - себебі тұрғындар үш ай туристік маусым кезде келушілердің есебінен ақша тапқысы келеді. Көлдің жағалауы болғандықтан балық жегіміз келді. Бірақ балық таппадық. Дәмханалар тек ысталған балық ұсынды. Кейін қалаға барып, балық базарынан сатып алуға кеңес берді.

Көлікпен бармауға кеңес беремін. Себебі жол әлі салынып жатыр. Біз тоғыз сағаттай жүрдік. Қарағандыдан Балқашқа дейін 400 шақырым нашар жолмен жүрдік. Одан да пойызбен барған дұрыс", - деп бөлісті ол. 


Фото Бекарыс Оспан

Алматы облысы жағынан Сарқан ауданы Лепсі кентінің маңында демалған туристер Балқаштағы демалыстың басты артықшылықтарының бірі - көлдің таза суы, жайлы жатақтары бар жағажайлар, ал кемшіліктері - бөлмелер лас және қымбат екенін жазды.


Фото Вячеслав Фирсов

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр (@alexandr_almaty)

Жергілікті билік Балқаштағы демалысты қалай дамытады

Сарқан ауданының әкімдігі 1997 жылғы 23 қыркүйекте Сарқан ауданы әкімінің № 375 шешімімен, аудандық жер комиссиясының қорытындысы негізінде "Есмұрат" ЖШС-ға іс жүзінде 1 202 гектар жер бөлінгенін хабарлады. Алайда ЖШС иесі учаскелерді қажетті мерзімде тіркемеген. 2004 жылы әкімдік шағын кәсіпкерлерге жер телімдерін берді. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Әкімдік өкілдері кәсіпкерлерге жер телімдерін тартып алу қаупі төніп тұрған жоқ дейді.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер кентте электр, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қашан орнатылатынын айтты.

"Жұмыс жобасы сараптамадан өтіп жатыр. Сараптаманы іске асыру мерзімі - 2021 жылғы қыркүйек. Су құбырының қоршауы Көкжиде ауылының жанындағы Лепсі өзенінде орналасатын болады, Көкжидеден көл жағалауына дейін 15,2 шақырым су құбыры тартылады, екі сорғы станциясы, тазарту құрылысы және жағалау бойынша 16,3 шақырым су құбыры желісі орнатылады.

Балқаш көлінің жағасында 16,3 шақырым кәріз жүйесі, сондай-ақ төрт сорғы станциясы мен тазарту кәрізі салынады. Су құбыры және кәріз жұмыстарының жалпы құны 2,4 миллиард теңгені құрайды. Электр қуаты Лепсі ауылынан: 10 кВа - 31 километр ӘЖ екі желісі және 0,4 кВа - 16 километр ӘЖ жағалауы бойынша жүргізіледі, сондай-ақ жағалау бойында техникалық шарттарға сәйкес қосымша трансформаторлар орнатылады. Электр энергиясын өткізу жұмыстарының жалпы құны 1,1 миллиард теңгені құрайды", - деді ведомстводағылар.

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасында жылына орта есеппен 100 мыңнан аса адам курорттық аймаққа келетіні туралы айтылды.

"2021 жылғы қаңтар-наурызда Балқаш курорттық аймағына 8,9 мың турист келді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп (5 мың адам). Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Бертіс шығанағы ауданында 400 миллион теңге сомасына 61 гектар алаңда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) салу және туризмді дамыту аймағын (жағалауды) абаттандыру жоспарланып отыр.

Тораңғылық және Шұбар-Түбек кенттерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының болмауы проблемасын шешу үшін кәріз және су құбыры желілерін әзірлеуге 140 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, ұзындығы 2,9 шақырым болатын қалалық жағалау аймағын абаттандыру жоспарланды", - деп хабарлады ведомстводан.

Ведомстводағылар сервис сапасын арттыру туралы айта келе, Kazakh Tourism ҰК АҚ-мен бірлесіп туризм және қонақүй бизнесі саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін түрлі тренинг өткізетінін хабарлады. Басқармадағылар Балқаш курорттық аймағының демалыс базаларындағы сервис деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Snb (@kerimshe07)

Алматы облысының туризм басқармасының мәліметінше, коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты туристер ағыны төмендеген. Егер 2019 жылы көл жағалауына 35 мың адам келсе, 2020 жылы 15,5 мың турист болған. Биыл 20 мыңға жуық демалушы келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, қазір Сарқан ауданында туристерді қабылдайтын 25 нысан бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балхаш Лепсы (@zona_otdyha_balhash_lepsy)

Балқашқа баратын жол жөндеуі қашан аяқталады

"Қазір Алматы облысында Балқаш жағалауына апаратын жолдағы "Күрті-Бурылбайтал" учаскесі 2214-ші шақырымнан 2295-ші шақырымға дейін қайта жөнделеді. Сонымен қатар, жаңа асфальт жолдың 77 шақырымы қозғалыс үшін ашық. Биыл 81 шақырымды аяқтау жоспарланып отыр. Іске асыру мерзімі - 2017-2021 жылдар. Бүгінде жалпы ұзындығы төрт шақырымға жуық көпір құрылыстарының алты айналма жолы бар", - деп түсіндірді "Қазавтожолдың" Алматы облысындағы өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, бұл - жаңа асфальт жабыны. Қозғалыс ашылады, бірақ бүкіл учаске аяқталғанға дейін жолда белгілер мен сызықтар болмайды.

"Қазавтожолдың" Қарағанды филиалындағылар Балқаш жағалауына барар жолда ұзындығы 363 және 150 шақырым болатын екі учаскенің құрылысы жүріп жатқанын айтты. 2023 жылға қарай жаңа жол ашу жоспарланып отыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lepsy Asar/Лепсы Асар (@lepsyasar)

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Ақсу және Сарқан аудандарындағы "Алматы-Өскемен - Лепсі-Ақтоғай" автомобиль жолының 110 шақырымын 2024 жылы қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл ретте 35 шақырымды жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

"Алғашқы 35 шақырым учаскеде жұмыстар 95 пайызға орындалды. Көпірлер мен жол жиегіндегі нығайту жұмыстарын аяқтау қалды. Басқа учаскелер бойынша көпір мен жасанды құрылыстарды жөндеу жүргізілетін жерлерде жобамен айналма жолдарды орнату көзделген. Қазіргі уақытта айналма жол 35-ші шақырымнан 5-ші шақырымға дейін Матай ауылына дейін жасалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Балқашқа жетудің тағы қандай жолы бар

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі әр күндері Нұр-Сұлтан қаласынан Балқаш қаласына дейін алты пойыз жүретінін айтты (плацкартқа ең төмен баға 6 606 теңге , купеге 10 094 теңге). Екі пойыз Семейден жұп күндері, екеуі Қарағандыдан күн сайын жүреді. Билет бағасы плацкарт үшін 4 946 теңгеге дейін, купе үшін 7 535 теңгеге дейін болады. Қазақстанның оңтүстік және батыс бөлігінен Балқаш жағалауына ауысып отырып жетуге болады. Тек жолға бір тәуліктен аса уақыт кетеді.

Сонымен қатар, 8 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қарағанды облысының Балқаш қаласына тұрақты рейстер қайта жанданды. Билеттің құны Нұр-Сұлтан қаласынан 8 999 теңге, Алматыдан 9 999 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балалар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Ал сіздің Балқашта демалудан алған әсеріңіз қандай?

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатыны біздің қолымызда.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.