Туристер арасында Қазақстанның ең танымал көрікті жерлері аталды

© qazaqgeography.kz

2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан аса шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Мәдениет және спорт министрлігі саяхатшылар Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде демалады, қайда барады - үздік бес орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан аса шетелдік турист келді. Ішкі туризм көрсеткіштері де бірнеше есе өскен. Мәдениет және спорт министрлігі саяхатшылар Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде демалады, қайда барады - үздік бес орынды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі

Бесінші орын. Шарын шатқалы

Шалғай жатқанына қарамастан, Шарын шатқалы саяхатшылар көруге құмартатын еліміздегі көрікті орындардың бірі. Өткен жылы бұл алқапты 45 мыңнан астам адам аралаған.

Реклама
Реклама

Төртінші орын. Баянауыл

Баянауылға бару бүгінде ел ішінде сәнге айналып келеді. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалған.

Үшінші орын. Көлсай көлдері

Көлсай көлдері де саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асады.

Екінші орын. Бурабай

Отандық туризмнің бойтұмарына айналған Бурабай ұлттық саябағы келушілер саны бойынша да көш басында. Көкшенің көз тоймас көрікті жерлерін 550 мыңнан астам адам саяхаттаған.

Бірінші орын. Іле Алатауы

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің ақпараты бойынша 2022 жылы туристер арасында ең танымал орын атағын - Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы жеңіп алған. Өткен жылы Іле-Алатауының табиғатын 628 мың турист тамашалаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная