Турфирма директоры алматылықтарға жалған жолдама сатқан

Фото:depositphotos.com

Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны демалыссыз қалды: олар турларының ақысын алдын ала төлеп қойған, бірақ тур болмаған.

"Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 ​​жастағы директорын ұстады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алдаудың барлық эпизоды бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама