Түнделетіп жорыққа шыққан қар барысы видеоға түсіп қалған
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық саябағының аумағында қар барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ұлттық саябақ өкілдері видео Аршаты орман шаруашылығында түсірілгенін айтты.
Бұған дейін 2022 жылы Аршаты орман шаруашылығындағы фототұзаққа түскен қар барысының суреттерін жариялағанбыз. Енді міне назарларыңызға видеоны ұсынбақпыз. Фототұзақты Ж.Аманбаева пен М.Арабаев құрды, - делінген хабарламада.
Публикация от НЭМИ ККГНПП (@katonkaragai.semi)
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!