Түнде жұрттың мазасын алған әйел пойыздан түсірілді

Сурет Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен

Астана-Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана-Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тексеру барысында көлік полицейлері Түркістан облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол қоғамдық орында масаң күйінде болған және түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған", - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі "алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу", 437-бабының 2-бөлігі "тыныштықты бұзу" бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 15 АЕК (51 750 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Реклама
Реклама

Полициядағылар аталған азаматшаның бұған дейін тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная