Тревел-блогер Сәкен Кағаров MICE туризм елшісі болды

Қазақстанда MICE туризм индустриясын дамыту мақсытында "Іскерлік туризм елшілері" тағайындалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Еліміздің биылғы MICE туризм елшілері анықталды.

"MICE туризм елшілері немесе конференция елшілері - бұл әртүрлі салалардағы кәсіпқойлар, мәдениет, спорт, бизнес және кез келген қоғамдық сала қайраткерлері институты. Жыл сайын біздің елімізде әртүрлі салалардағы халықаралық қауымдастықтардың іс-шаралары өткізіледі, бұл елдің халықаралық аренадағы беделінің өсуіне, салалардың, ғылымның дамуына және, әрине, делегаттардың тұруға, тамақтануға, экскурсияларға және т.б. шығындары түрінде ел экономикасына шетел валютасының түсуіне ықпал етеді.

Сондай-ақ, биылғы жылы біз туризм елшілерімен бірлесіп, 13 елден 116 спидкубердің қатысуымен Дүниежүзілік кубинг қауымдастығының спидкубинг бойынша Азия чемпионаты және 200-ге жуық қатысушының қатысуымен Үндістанның туристік агенттіктер қауымдастығының конвенциясын елімізде өткіздік. Жоғарыда атап өткендей, бірлескен жұмыс өз жемісін беріп жатыр және біз конференция елшілерінің тілектерін ескере отырып, бағдарламаны одан әрі жетілдіруге ниеттіміз", - дейді "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Іскерлік туризм елшілері тізімі мынадай:

  • Арман Ертұрсынұлы Машимов - Қазақстан Республикасы Спидкубинг Федерациясының Президенті;
  • Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова - "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті;
  • Манжуова Ләзат Нұрбапайқызы - Қазақстан Республикасы Педиатрлар одағының президенті;
  • Асқар Жағыппарұлы Жүсіпбеков - Еуразия ұлттық университетінің "Құрылыс" кафедрасының меңгерушісі. Л.Н. Гумилева т.ғ.д., профессор;
  • Бекқұлова Айжан Әбдіманапқызы - Қазақстан Республикасы Қолөнершілер одағының төрағасы;
  • Туғанбекова Салтанат Кинесовна - "Қазақстанның нефрологтар, диализ дәрігерлері және трансплантологтар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы;
  • Шолпан Мұртазқызы Каланова - Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)" мемлекеттік емес мекемесінің президенті;
  • Әлбина Мейірбекқызы Ержанова - ENACTUS Kazakhstan президенті;
  • Елена Ивановна Мащинская - Қазақстан Республикасы аспазшылар қауымдастығының президенті;
  • Қанапьянов Олжас Сәкенұлы - "ASTANA-EXPO Int" ЖШС директоры;
  • Альмадиева Алима Қазбекқызы - "Қазақстан денсаулық сақтау, дәлелді медицина және фармакоэкономикалық зерттеулер технологияларын бағалау қауымдастығы атқарушы директоры KazSPOR;
  • Айжан Төлеуова Бердина - Қазақстандағы RSM консультациялық қызметтері бойынша серіктес;
  • Сәкен Кағаров - тревел-блогер, видеограф.

Сурет "Kazakh Tourism" ҰҚ" баспасөз қызметінен

Айта кетейік, былтыр Kazakh Tourism пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстандағы MICE индустриясын жандандыруға көмектесу үшін "MICE туризм Елшісі" бағдарламасын іске қосты. Өз салаларында кең байланыстары, ықпалы және жеке беделі бар конференция елшілері халықаралық іс-шараларды елімізге тартуда үлкен маңызға ие. MICE туризм елшілерінің бағдарламасы Қазақстандағы туризмді дамыту стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені MICE туризм елшілері халықаралық деңгейде танымал (ғалымдар, дәрігерлер, қоғам қайраткерлері және т.б.) елге халықаралық қауымдастықтар мен шетелдік компаниялардың ірі іс-шараларын тарта алатын адамдар арасынан таңдалады. MICE елшілерінің бағдарламасы жобаның әр кезеңінде жәрдемдесуге және қолдауға бағытталған және бастапқы өтінімнен (Bid book) сәтті іс-шараны өткізуге дейінгі қызметтер кешенін қамтиды.

Бағдарлама биыл екінші жыл жүзеге асырылып жатыр және атқарылған жұмыстың тиімділігін жеңіп алған және өткізілетін халықаралық іс-шаралар арқылы көріп отырмыз. Конференция елшілерімен бірлескен және ұйымшыл жұмыстың арқасында, Қарағанды қаласында 200 шетелдік делегаттың қатысуымен 2023 жылы Изопреноидтар жөніндегі XXV конференцияның, 2025 жылы Астана қаласында 400-ге жуық делегат қатысатын Халықаралық талдау қоғамының дүниежүзілік конгресі, 2026 жылы Астана қаласында 1000 қатысушының қатысуымен геосинтетика бойынша халықаралық конференцияның, 2023 жылы Астана қаласында 400 қатысушының қатысуымен жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісінің конференциясы секілді халықаралық іс-шараларды өткізу құқығына ие болдық.